Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының ХХ съезі ашылды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңындағы Халық жиналысы үйінде Қытай Коммунистік партиясының (ҚКП) ХХ съезі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының ХХ съезі ашылды

Съездің ашылу салтанаты Бейжің уақытымен таңғы сағат 10.00-де басталды.

ҚКП ХХ съезіне қатысу үшін Қытайдың әртүрлі аймақтарынан Бейжіңге 2,3 мыңға жуық делегат келді.

ҚКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы Си Цзиньпин Орталық Комитет атынан баяндама жасады. Күн тәртібіне сәйкес, съезде ҚКП 19-шы съезінің есебіне қоса, ҚКП Орталық тәртіпті тексеру комиссиясының жұмысы туралы есеп тыңдалып, Коммунистік партияның жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар тыңдалады. Партия мен мемлекетті басқару жөніндегі маңызды және жаңа теориялық көзқарастар мен стратегиялық идеялар қарастырылып, бекітіледі.

Съезд делегаттары ҚКП ХХ сайланған орталық комитеті мен орталық тәртіпті тексеру комиссиясының жаңа құрамын сайлайды.

Қытай Коммунистік партиясының ХХ съезінің ресми өкілі Сунь Ели бұған дейін мәлім еткендей, форумнан кейін бірден Орталық Комитеттің жаңа құрамының бірінші пленумы өтеді және саяси бюроның құрамы мен оның тұрақты комиссиясы жаңартылады.

Қытай коммунистік партиясының ХХ съезі 22 қазанға дейін жалғасады.