Бейжіңде Нұрсұлтан Назарбаевтың төте жазумен жарық көрген «Еуразия кіндігінде» кітабы таныстырылды

БЕЙЖІҢ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ - Қытайдың Қазақстандағы Елшілігінің имидждік іс-шаралары мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға жоспарланып отырған алдағы мемлекеттік сапарына әзірлік аясында наурыздың 8-інде Бейжіңде Қазақстан Президентінің төте жазумен жарық көрген «Еуразия кіндігінде» кітабы таныстырылды.
None
None
ҚазАқпараттың хабарлауынша, кітап таныстырылымы Бейжіңдегі қазақ диаспорасы жыл сайын Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі делегациясының Халық өкілдерінің Бүкілқытайлық жиналысы сессиясының жұмысына қатысу үшін келетін сапарына орайластыратын Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шаралармен бірге өткізілді. Шынжаңдық қонақтар делегациясын биылғы Наурыз мейрамына Шынжаңның Халықтық саяси консультативтік кеңесінің төрағасы Асхан Керімбай бастап келді. Жиналған қауымның алдында Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Икрам Адырбеков сөз сөйлеп, Қазақстанда орын алып жатқан атаулы оқиғалар туралы әңгімеледі, қазақстан-қытай ынтымақтастығының негізгі сипаттарына тоқталды және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған «Дағдарыстан - дамуға» деп аталатын дәстүрлі Жолдауының негізгі тарауларымен таныстырды. Жиналған қауымға сондай-ақ Н.Назарбаевтың қазақ тілінде төте жазумен басылған «Еуразия кіндігінде» кітабы таныстырылды. Қытайдағы қазақ диаспорасының атынан сөз сөйлеген А.Керімбай, осынау кітаптың басып шығарылғанына алғысын білдіріп, оны Шынжаң қазақтарының арасында кеңінен таратуға атсалысуға әзір екенін жеткізді. Ол сондай-ақ қазақ тіліндегі басқа да көптеген кітаптардың, оның ішінде Елбасының жаңа еңбектерінің төте жазумен басып шығарылатынына үміттенетіндігін айтты.
Соңғы жаңалықтар