Бейжіңде өткен студенттердің ІІІ құрылтайында қазақстандық жастардың мәселелері талқыланды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайдағы Қазақстан студенттерінің ІІІ құрылтайының қортындысы бойынша «Жастарды жан-жақты дамыту мәселелеріндегі өзара әрекеттестік туралы меморандум» мен «Қытайдағы қазақстандық студенттердің қауымдастығының» Жарғысы қабылданды.
None
None

Үшінші құрылтайға Қытайдың қазақстандық студенттер оқитын Шанхай, Сиань, Ухань, Үрімжі, Бейжің, Цзинань, Харбин, Далянь мен Тяньцзинь қалаларынан 100-ден астам делегат қатысты. ҚазАқпарат тілшісіне Азия мен Океаниядағы Халықаралық бағдарламалар орталығының өкілі Қайыржан Ерманов хабарлағандай, Қытайдағы қазақстандық студенттердің ІІІ құрылтайы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы-2050» Жолдауын жүзеге асыру аясында өтті. «Құрылтай бәрінен бұрын шетелде оқитын қазақстандық студенттерді біріктіріп, оларды патриоттық тәрбиелеуге бағытталған», - деп атап өтті ол. Шара барысында «Білім берудегі инновациялар, сондай-ақ жастарды жан-жақты дамыту» тақырыбында конференция мен концерт ұйымдастырылды. Құрылтай барысында көрсетілген басты рәсім «Тұсаукесер» кезінде Қытайдағы қазақстандық студенттер қауымдастығының белсендісі Ғазиздың бір жасар ұлы Айқынның тұсауы кесілді. Еске сала кетейік, Қытайдағы қазақстандық студенттердің құрылтайы алғаш рет 2012 жылдың мамыр айында Сиань қаласында ұйымдастырылды. 2013 жылдың сәуірінде Шанхайда Қытайдағы қазақстандық студенттердің ІІ құрылтайы өтті. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының 20 жылдығына орайластырылған болатын. Аталған шараның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, ҚХР-дағы Қазақстан Республикасының Елшілігі, «Қытайдағы қазақстандық студенттердің қауымдастығы» белсенділерінің қолдауымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ болып табылады.

Соңғы жаңалықтар