Бейжіңде «Отты өзен» көркем фильмінің көрсетілімі өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылғы 12 наурызда Бейжіңдегі Ресей мәдени орталығында ҚХР-дағы ҚР Елшілігінің ұйымдастыруымен «Отты өзен» көркем фильмінің көрсетілімі өтті.
None
None

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Шараға ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Чэн Гопин, ҚКП Орталық Комитетінің Халықаралық бөлімі басшысының орынбасары Чжоу Ли, ШЫҰ Бас хатшысы Д.Мезенцев, Ресей, Беларусь, Грузия, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Вьетнам және т.б. елдер елшіліктерінің басшылары мен өкілдері қатысты.

Қытайдағы ҚР Елшісі Нұрлан Ермекбаев «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының екінші бөлімі болып табылатын «Отты өзен» фильмі жас ұрпақ үшін еңбекті, Отанды сүю үлгісі екенін, ұлтаралық келісім идеяларына тәрбиелейтінін атап өтті.

Шараның ашылуында сөз сөйлеген ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Чэн Гопин «ұлы ұлттан ұлы көшбасшылар туатынын», сондай-ақ Н.Назарбаев Қазақстанның ұлттық көшбасшысы ғана емес, әлемдегі ең беделді саясаткерлердің бірі болып табылатынын атап өтті.

Ол Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасщыларының съезі сияқты таңдаулы форумдарды құру туралы бастамалар Н.Назарбаевтікі екенін, оның активіндегі жаһандық ядролық қарусыздануды ынталандыруға қосқан үлкен үлесін атап өтті. Қытайлық дипломаттың айтуынша, осының барлығы Қазақстанға кең әлемдік атақ әкелді.

Чэн Гопин Қазақстан Президентінің тұлға болып қалыптасуының жолымен, қазақ халқының тарихымен және ұлттық дәстүрлерімен тереңірек таныс болуға мүмкіндік беретінін айтты.

Фильм көрсетілімінде Ресей мәдени орталығының директоры В.Коннов та сөз сөйледі. Ол «Отты өзен» фильмін Орталықтың қабырғасында көрсету ТМД кеңістігіндегі мәдени-гуманитарлық байланыстар мен достықты нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар