Бейжіңде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-елдер сыртқы істер министрлерінің кеңесі ашылды

Барлық тараптардың күш-жігерінің арқасында соңғы жылдары қауіпсіздік, энергетика және экономика сияқты салаларда ілгерілеу, оң нәтиже байқалды, деп мәлімдеді кездесуді ашу кезінде ҚХР Сыртқы істер министрі Ян Цзечи.
«Ұйымның қарқынды дамуы үшін жақсы негіз бар», - деді ол. Әрі қарай ҚХР СІМ басшысы кездесудің өзектілігі халықаралық және өңірлік, сонымен қатар ШЫҰ-ның әрі қарай дамуына байланысты мәселелерді талқылау болып табылатындығын атап көрсетті.
Алдағы уақытта өтетін Ұйым саммитінің дайындық мәселелері кеңеске қатысушылардың назарында болады, деп қосты Ян Цзечи.
Сонымен қатар министрлер ШЫҰ дамуының негізгі стратегиясындағы орта мерзімге бағытталған жобаларды қарамақ ниетте. Ол аталмыш ұйым қызметінің ұзақ мерзімді бағдарламасын дайындаудағы жұмысты алға жылжытуға септігін тигізеді. Министрлер 2013-2015 жылдарға арналған «зұлымдықтың үш күшімен» күресуде ШЫҰ мүше-елдері ынтымақтастық бағдарламасының жобасын мақұлдамақ.
ШЫҰ сыртқы істер министрлерінің кеңесіне ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов қатысуда.