Бейжіңде Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 80 жылдығына арналған парад өтеді
АСТАНА. KAZINFORM – Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 80 жылдығына арналған Қытай Халық Республикасы (ҚХР) тарихындағы ең ірі әскери парад 3 қыркүйек күні Бейжіңде өтеді.
ҚХР Орталық әскери кеңесі Бірлескен штабының жедел басқармасы бастығының орынбасары, генерал-майор У Цзэкэ-нің айтқанындай, парадта алғаш рет Қытай қарулы күштерінің жаңа құрылымы көрсетіледі. Сонымен қатар алғаш рет, жер, теңіз және әуедегі, гипердыбысты, жоғарды дәлдікпен соққы беретін, ұшқышсыз ұшатын және оларға қарсы аппараттар сияқты стратегиялық қарулардың жаңа түрлері таныстырылады.
Парадта 45 есептоп құрылады және олардың шеруі 70 минутқа созылады.
У Цзэкэ-нің айтуынша, Құрлық әскерлері, Әскери-теңіз күштері, Әскери-әуе күштері және Зымыран әскерімен қатар, парадта төрт жаңа құрам таныстырылады: Әскери-ғарыш күштері, Киберкеңістік әскері, Ақпараттық қолдау күштері және Материалдық-техникалық қамтамасыз ету әскері.
Сәрсені күні Бейжіңде ауқымды парад өтіп, онда Қытай халық-азатттық армиясы (ҚХАА) қолданыстағы әскери техникасын көрсетеді.
ҚХР құрылған 1949 жылдан бері әскери парадтар Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңында мерзімді түрде өткізіліп келеді. Соңғы ірі шара 2019 жылғы 1 қазанда Қытай Халық Республикасының 70 жылдығына орай ұйымдастырылған болатын.
Бұған дейін Бейжіңдегі әскери парадқа 26 елдің басшысы қатысатыны хабарланған.
Осыған дейін Бейжіңдегі әскери парадқа 26 елдің басшылары қатысатыны туралы жаздық.