Бейжіңде халықаралық фармацевтикалық инновациялық парк салынады

АСТАНА. KAZINFORM — Бейжің билігі ел астанасының оңтүстік шетінде халықаралық фармацевтикалық инновациялық парк салып, медицина мен денсаулық сақтау саласындағы әлемдік ғалымдарды тартуды жоспарлап отыр, деп жазады Синхуа.

Китай
Фото: Unsplash

Парк «Ичжуан» электронды қалашығындағы техно-экономикалық даму аймағына салынады, бұл туралы бейсенбі күні аяқталған 3-ші Боао Азия форумында айтылды.

Парктің жоспарланған аумағы 5,8 км. шаршы метрді құрайды. Онда халықаралық корпорациялардың штаб-пәтері орналасады және әлемдік деңгейдегі мамандандырылған ауруханалар мен медициналық салаларды дамытуға бағытталған орталықтар болады.

«Біз био және ақпараттық технологиялардың кешенді дамуына ықпал етеміз, сондай-ақ жасанды интеллектінің есептеу қуатын пайдалана отырып, жаңа препараттар саласындағы ҒЗТКЖ динамикасын арттырамыз», - деді әкімшілік комитеттің басшысв Кун Лэй.

Соңғы жаңалықтар