Бейжіңде өтетін әлем чемпионатында еліміздің намысын төрт спортшы қорғайды
АСТАНА. KAZINFORM - 1 желтоқсанда Бейжіңде (Қытай) қысқа қашықтықта жүзуден (25 м) әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды ҚР ҰЛттық олимпиадалық комитеті.
Аталған байрақты бәсекеде еліміздің намысын төрт спортшы қорғайды.
Жарысқа қатысатын ұлттық құраманың тізіміне Ғалымжан Балабек, Ксения Игнатова, Глеб Коваленя, Әділбек Мусин кірді.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 6 желтоқсанға дейін жалғасады.
Айта кетейік, Астанаға WADA президенті Витольд Банька келді.