Биатлоннан IBU кубогы: эстафетаға Қазақстан атынан кімдер қатысады

АСТАНА.KAZINFORM - Бүгін, 17 желтоқсанда, Швейцарияның Ленцерхайде қаласында биатлоннан IBU кубогының кезеңі басталады.

Биатлоннан IBU кубогы: эстафеталарда Қазақстан атынан кімдер қатысады
Фото: Оlympic.kz

ҚР ҰОК мәліметінше, жарыстың алғашқы күнінде екі эстафеталық жарыс өтеді. Аралас эстафетада Қазақстан құрамасы сапында Александр Мухин, Кирилл Бауэр, Айша Рақышева және Лаура Қиныбаева өнер көрсетеді.

Ал аралас жеке эстафетада Полина Егорова мен Никита Акимов Қазақстан намысын қорғайды.

Айта кетейік, Астанада бадминтоннан халықаралық турнир басталды.

 

Соңғы жаңалықтар