Биатлоннан Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

АСТАНА. KAZINFORM – Щучье қаласында биатлоннан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. 

Биатлоннан Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды
Фото: ҰОК

Турнирдің алғашқы жүлделері спринт жарысында сарапқа салынды.

Ерлер арасында Владислав Киреев жеңімпаз атанды. Александр Мухин екінші болып мәреге жетті. Ал Ержанат Қуандық үздік үштікті түйіндеді.

Әйелдер жарысында Ольга Полторанина топ жарды. Милана Генева күміс жүлдеге ие болды. Дарья Климина үшінші орын алды.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионатына елдің тоғыз өңірінен 100-ден астам спортшы қатысып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін фристайлдан әлем чемпионатында қазақстандықтар аралас командалар сайысында үздік нәтиже көрсеткенін хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар