Биатлоннан Қазақстан кубогі: Алғашқы жеңімпаздар анықталды

Бүгін Щучинск қаласындағы Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында биатлоннан ҚР Кубогының екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Kazinform. 

спорт
Фото: freepik.com

Қазақстан Биатлоншылар Одағының баспасөз қызметі мәлім еткендей бірінші күні спринтерлік жарысқа Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қалаларынан 100-ден астам спортшы қатысты.

Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша ерлер 10 км қашықтықта өнер көрсетіп, арасынан алматылық Ермоленко Петр көш бастады. Ол финишке 28:44.2 уақытта келсе, екінші болып ақмолалық Антон Башкиров +23.8 секундтан кейін, 29:08.0 уақытта мәре сызығына жетті. Алматылық Төлегенов Темірлан 29:14.8 уақытта үздік үштікке енді.

Әйелдер арасынан 7,5 км қашықтықта Галина Вишневская-Шепоренко 23:15.1 уақытта бірінші болып, Дарья Климина +34,3 секунд айырмашылықпен 23:49.4 уақытта екінші болып, ал Белецкая Елизавета 24:44.8 уақытта үшінші болып аяқтады.

Жасөспірімдер арасынан Амурлаев Руслан 10 км қашықтықта 27:34.2 уақытта топ жарса, Червенко Данил +19.4 секундқа кешігіп, 27:53.6 уақытта екінші болып, Литвинов Евгений 28:01.9 көрсеткішпен үштікті аяқтады.

Жасөспірім қыздар құрамасы 7,5 км қашықтықта сынға түсіп, 24:42.4 уақытта Польдяева Мария бірінші, Долгополова Ксения 25:11.2 уақытта екінші, ал
Чупик Яна 25:32.7 уақытта үшінші орынды иеленді.

Соңғы жаңалықтар