Биатлоншы Владислав Киреев әлем кубогінде алғашқы ұпайын еншіледі

АСТАНА. KAZINFORM – Эстерсундте (Швеция) биатлоннан әлем кубогінің алғашқы кезеңі өз мәресіне жетті.

Владислав Киреев
Фото: ҚР ҰОК

Соңғы жарыс күнінде із кесу сайысы өтті. Қазақстан құрамасынан осы жарысқа жалпы нәтиже бойынша тек Владислав Киреев жолдама алды.

ҚР ҰОК мәліметінше, ол жарысты 45-ші орында бастап, мәреге 35-ші болып жетті. Киреев маусымдағы алғашқы алты ұпайын еншілеп, жалпы есепке үлес қосты.

Франция спортшысы Кентен Фийон-Майе жеңімпаз атанды. Екінші орынға швециялық Себастьян Самуэльссон, ал үшінші орынға норвегиялық Йохан-Олав Ботн жайғасты.

Айта кетейік, Санатәлі Төлтаев IBA аясындағы бокстан әлем чемпионатында екінші жеңісіне жетті.

 

Соңғы жаңалықтар