Бибарыс Әшірбай бокстан жасөспірімдер олимпиадасының ширек финалына шықты

АСТАНА.KAZINFORM — Бүгін, 7 қарашада Қазақстан құрамасынан Бибарыс Әшірбай шаршы алаңға шықты.

Бибарыс Әшірбай
Фото: ҰОК

Отандасымыз 70 келі салмақтағы алғашқы жекпе-жегінде Ливия өкілі Мохамед Джихадпен жұдырықтасып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Осылайша Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасының 1/4 финалына шықты.

Айта кетелік Қазақстан чемпионатында 9 боксшы алғаш рет алтын медаль жеңіп алған еді.