Қазақстан чемпионатында 9 боксшы алғаш рет алтын медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Бір аптаға созылған жарыста 20 салмақ дәрежесі бойынша 337 спортшы бақ сынап, олардың тоғызы мансабында алғаш рет ел чемпионы атанды.

Қазақстан чемпионатында 9 боксшы алғаш рет алтын медаль жеңіп алды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

20 салмақта сынға түскен 337 боксшы (223 ер, 124 әйел) бір апта бойы шаршы алаңда жеңімпазды анықтады.

Нәтижесінде ерлер арасында 5 боксшы және әйелдер арасында 4 спортшы алғаш рет чемпион атанды.

⁃ 65 келіде 4 жылдан кейін Қазақстан чемпионатына қатысқан Абзал Серік (Шымкент қ) қайта топ жарды.

⁃ 54 келіде 3 дүркін әлем чемпионы, осв салмақта маусым айында Қытайда өткен әлем кубогының жеңімпазы Назым Қызайбай (Алматы қ) финалда Элина Базароваға жол берді.

⁃ 80 келіде Надежда Рябец (Қостанай обл) үшінші жыл қатарынан чемпион атанды. Ол финалда U19 санатындағы әлем чемпионатының қатысушысы Айдана Убайдуллақызын жекпе-жексіз жеңіске жетті.

⁃ Ерлер арасында ең ауыр салмақта 3 жыл қатарынан финалдық жекпе-жек өтпеді.

⁃ Ерлер арасында ең жас чемпион ретінде Әділбек Қожахан (18 жас) тіркелді.

⁃ Әлем чемпионатының финалистері Виктория Графеева, Елдана Талипова мансаптарында алғаш рет Қазақстан чемпионы атағына қол жеткізді.

⁃ Дәулет Төлемісов 2025 жылы 85 келіде топ жарса, биыл 90 келіде алтын жүлдені еншіледі.

Ерлер

50 келі. Нұрзат Оңғаров (Жамбыл облысы)

55 келі. Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда облысы)

60 келі. Әділбек Қожахан (Жетісу облысы)

65 келі. Абзал Серік (Шымкент қаласы)

70 келі. Фарух Тоқтасынов (Алматы қаласы)

75 келі. Нұрбек Мурсал (Алматы қаласы)

80 келі. Санжар-Али Бегалиев (Шымкент қаласы)

85 келі. Темірлан Мұқатаев (Астана қаласы)

90 келі. Дәулет Төлемісов (Ақтөбе облысы)

+90 келі. Данияр Рахымбердинов (Алматы қаласы)

Әйелдер

48 келі. Гүлназ Бөрібаева (Қарағанды облысы)

51 келі. Анита Адишева (Қарағанды облысы)

54 келі. Элина Базарова (Шымкент қаласы)

57 келі. Ұлжан Сәрсенбек (Түркістан облысы)

60 келі. Виктория Графеева (Алматы қаласы)

65 келі. Аида Әбікеева (Қарағанды облысы)

70 келі. Бақыт Сейдіш (Алматы қаласы)

75 келі. Шұғыла Нәлібай (Түркістан облысы)

80 келі. Надежда Рябец (Қостанай облысы)

+81 келі. Елдана Талипова (Алматы қаласы)

Ал таэквондодан Мұхаммедәлі Махмұт ересектер арасында алғаш рет ел чемпионы атанғанын жаздық.