Мұхаммедәлі Махмұт ересектер арасында алғаш рет ел чемпионы атанды
АСТАНА. KAZINFORM — Таеквондодан Қазақстан чемпионатында Мұхаммедәлі Махмұт алғаш рет ересектер арасында топ жарды. Осылайша ол бірнеше күн бұрын алтын медаль иеленген егіз сыңары Нұрәлінің жетістігін қайталады. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлім етті.
Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында таеквондодан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының шешуші жарыс күні өтті.
Соңғы күні татами шеберлері қалған 5 салмақта сынға түсті. Осыдан кейін жалпыкомандалық есептегі үздіктер анықталды. Ерлер арасында Мұхаммедәлі Махмұт алғаш рет ересектер санатында ел үздігі атанды. Бірнеше күн бұрын егіздердің сыңары Нұрәлі 58 кг дейінгі салмақта алтыннан алқа таққан.
Қазақстан чемпионатының шешуші жарыс күнінің нәтижесі:
Ерлер, -63 кг:
- Мұхаммедәлі Махмұт (Алматы қаласы)
- Абылайхан Мергенбай (Маңғыстау облысы)
- Темірбай Нұрдәулет (Жамбыл облысы)
- Азим Ниязов (Алматы қаласы)
Ерлер, -80 кг:
- Батырхан Күсетов (Алматы қаласы)
- Абдурахмон Марипов (Шымкент қаласы)
- Әлішер Ғалиев (Ақтөбе облысы)
- Әлібек Ермекбай (Ұлытау облысы)
Ерлер, -87 кг:
- Нұрлан Мырзабаев (Түркістан облысы)
- Мейір Нұрғазин (Алматы облысы)
- Дарын Манасұлы (Астана қаласы)
- Бекзат Ғазиз (Түркістан облысы)
Әйелдер, -53 кг:
- Нодира Ахмедова (Шымкент қаласы)
- Айдана Сүндетбай (Алматы облысы)
- Сабина Қасымова (Алматы облысы)
- Назмина Садыкова (Шымкент қаласы)
Әйелдер, -57 кг:
- Жазира Иссина (Ақтөбе облысы)
- Мария Севостьянова (Атырау облысы)
- Тоғжан Қазнабек (Астана қаласы)
- Альмира Қанат (Маңғыстау облысы)
Осымен 3 күнге созылған чемпионат мәресіне жетті. Барлығы ерлер мен әйелдер арасында 16 салмақта жүлде сарапқа салынды.
Айта кетейік, Батырхан Төлеуғали Азиада-2026 ойындарының қола жүлдегері атанған болатын.