Бибісара Асаубаева блицтен әлем чемпионатының финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блицтен әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Әлем чемпионаты рапид және блиц түрлерінен 26–30 желтоқсан аралығында Доха қаласында өтіп жатыр, деп хабарлайды Спорт Шредингера Telegram-арнасы.

Бибисара Асаубаева Бибісара Асаубаева
Фото: gov.kz

Жартылай финалда Бибісара Асаубаева қытайлық шахматшы Чжу Цзиньэр-ді айқын басымдықпен жеңіп, барлық үш партияда ұпайын асырды – 3:0.

Екінші жартылай финалда украиналық Анна Музычук Нидерланд өкілі Элин Руберсті 2,5:1,5 есебімен ұтты.

Осылайша, әйелдер арасындағы блицтен әлем чемпионатының финалында Бибісара Асаубаева Анна Музычукпен кездеседі. Финалдық матч бүгін өтеді.

Айта кетейік, жарыстың жалпы жүлде қоры 1 миллион еуродан асады.

Еске сала кетсек, Бибісара Асаубаева бұған дейін 2021 және 2022 жылдары блицтен әлем чемпионы атанған.

Сондай-ақ ол рапидтен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған

Соңғы жаңалықтар