Бибісара Асаубаева Кипрдегі турнирде көш басында келеді
АСТАНА. KAZINFORM - Кипрдің Пафос қаласы маңындағы курорттық Пейя елді мекенінде өтіп жатқан FIDE-нің шахмат тәжі үшін турнирінде отандасымыз Бибісара Асаубаева көш басында келеді.
Қазақстандық спортшы соңғы кездесуінде қытайлық Тань Чжунъи мен шеберлік байқасты. Қытайлық шахматшы әлемдегі мықты гроссмейстер қатарында саналады. Ол әлем чемпионы атағын жеңіп алған.
Кездесу барысында қос қарсылас жеңіске жетуге бар күшін салды. Соған қарамастан олар тең нәтижеге қанағат білдірді.
Бұл турнирге шахматтағы танымал спортшылар келді. Олардың қатарында қытайлық Чжу Цзіньэр, бейтарап елдің өкілдері Александра Горячкина, Катерина Лагно, украиналық Анна Музычук, Катерина Лагно, үндістандық Дивья Дешмух, Вайшали Рамешбабу бар.
Отандасымыз 2,5 ұпаймен көш басында келеді. 2004 жылғы 26 ақпанда дүниеге келген Бибісара Асаубаева былтыр гроссмейстер атағын алса, 2020 жылы халықаралық шебер болды. Ал 2019 жылы әйелдер арасындағы гроссмейстер (мәртебесін иеленді.
Бибісара шахматпен 4 жасынан бастап айналысады. 2011 жылы 8 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанды. Қазірге дейін ол блиц бойынша үш мәрте әлем чемпионы (2021, 2022, 2025) болса, рапид бойынша 2021 жылы әлем чемпионатында екінші орын алды.
Сондай-ақ одан өзге көптеген жарыста жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Бұл жарыс 29 наурызда басталып, енді 15 сәуірде мәресіне жетеді.