Биыл 10 айда 34,9 мың тонна балық ауланды – Экология министрлігі

2030 жылға қарай 270 мың тонна балық өсіру, ішкі тұтынуды жылына 134 мың тоннаға дейін ұлғайту және балықтың табиғи популяциясын 7%-ға арттыру күтілуде. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

балық
Фото: ohotniki.kz

«Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасына тоқталсам, биыл 10 айда 34,9 мың тонна балық ауланды. 13,2 мың тонна балық өсірілді, 15,6 мың тонна балық экспортталды және импорт 32 мың тоннаға жетті. Үкімет 2021 жылғы сәуірде балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдады», - деді Ерлан Нысанбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 

Министрдің айтуынша, 2030 жылға қарай 270 мың тонна балық өсіру, ішкі тұтынуды жылына 134 мың тоннаға дейін ұлғайту және балықтың табиғи популяциясын 7%-ға арттыру көзделіп отыр. 

«2030 жылға дейінгі бағдарлама шеңберінде қабылданған шаралардың нәтижесінде саладағы бизнестің іскерлік белсенділігінің өсуі байқалады. Мәселен, 2020 жылмен салыстырғанда балық өсіру шаруашылығының саны 2 есе артып, 383-ке жетті. Балық өсіру 9 мың тоннадан 19 мың тоннаға дейін өсті», - дейді ведомство басшысы. 

Соңғы жаңалықтар