Биыл 217 мыңға жуық мектеп түлегінің 183 мыңы ҰБТ тапсырады

АСТАНА. KAZINFORM – Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Талғат Ешенқұлов Үкімет отырысында ҰБТ тапсыратын талапкерлердің нақты санын атады.

ЕНТ ҰБТ школьники тестирование оқушылар тестілеу
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

- 16 мамырдан бастап 46 өңірлік орталықтарда жоғары оқу орындарына үміткер талапкерлер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілуде. ҰБТ 7 шілдеге дейін жалғасатын болады. Өңірлік тестілеу орталықтары 46 елді мекенде орналасқан және тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілеген. Талапкерлер тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдайды. Талапкерлерге осы аралықта ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатысу мүмкіндігі берілген.2025 жылы 217 мыңға жуық талапкер оқуды бітіреді, оның ішінде 183 мыңы ҰБТ-ға тіркелді, - деді ол.

Вице-министрдің сөзінше, бұл былтырғы көрсеткіштен 30 мыңға көп.

Айта кету керек, елімізде «Болашақ» стипендиясының тиімділігі зерттеліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар