Биыл 50 мыңнан астам қазақстандық Әзербайжанға туристік сапар жасаған
Орталық Азия елдерінен Әзербайжанға туристер ағыны айтарлықтай өскен. 2023 жылдың қаңтар-қараша айларында Әзербайжанға Орталық Азия елдерінен 121 467 турист келген, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 83,16%-ға (66 316 адам) жоғары, деп хабарлайды Kazinform Trend.az сайтына сілтеме жасап.
Әзербайжан туризм жөніндегі мемлекеттік агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстаннан барған туристер саны 53 249 адамды (бір жылда 90,74%-ға өскен), Өзбекстаннан – 35 222 (бір жылмен салыстырғанда 49,74%-ға өсті), Түрікменстаннан – 23 401 (бір жылдық өсім 2,46 есе), Қырғызстаннан – 5184 (бір жыл ішіндегі өсім 78,82%), Тәжікстаннан – 4411 адамды (бір жыл ішіндегі өсім 78,37%) құрайды.
Жалпы бір жыл ішінде Әзербайжанға 1 893 679 турист (өсім 29,81%) келгені атап өтілді.
2022 жылы Әзербайжанға барлығы 1 602 600 шетелдік азамат барған, бұл 2021 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі еседен астам (790 062 адам), Орталық Азия елдерінен – 73 823 адам, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 4,75 есе көп (15 516 адам).
2017-2022 жылдар аралығында Орталық Азия елдерінен Әзербайжанға 411 141 адам (Қазақстаннан – 167 052, Түрікменстаннан – 119 201, Өзбекстаннан – 96 278, Қырғызстаннан – 15 467, Тәжікстаннан – 13 143) барған.
Бұған дейін қазақстандықтардың шетелге жаңа жылдық сапарларына қанша ақша жұмсайтыны туралы жазған болатынбыз.