Биыл 6 айда шетелден қанша көлік құралы жеткізілді

Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылдың 6 айында елімізге шетелден қанша көлік жеткізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform.

авто
Фото: Казинформ

«2023 жылдың бірінші жартыжылдығында әкелінген (импорт) көлік құралдарының саны 161 084 болды. Оның ішінде 135 185 жеңіл көлік, 22 862 жүк және арнаулы техника, кедендік төлемдер мен салықтан босатылған 2 862 электромобиль бар», - деді комитеттен агенттіктің ресми сауалына орай.

Ведомство мәліметінше, өткен жылдың 6 айында елімізге 180 271 көлік құралы, оның ішінде 152 824 жеңіл көлік, 27 447 жүк және арнаулы техника, кедендік төлемдер мен салықтан босатылған 347 электромобиль жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар