Биыл ақылы жолдардан 100 млрд теңге түсуі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев биыл ақылы жолдардан қанша қаражат түсуі мүмкін екенін айтты.

 Ақылы жолдарда жылдамдықты асыру автоматты түрте тіркеледі
Фото: Kazinform

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында ол өткен жылы ақылы жолдардан 87 млрд теңге кіріс түскен айтты. Бұл қаражат толықтай жолдарды күтіп-ұстауға бағытталған. Осы орайда отырыс біткеннен кейінгі брифингте БАҚ өкілдері одан бұл соманың тым көп екенін айтып, күмән келтірген еді.

- 87 млрд теңгені жалған көрсету мүмкін емес. Түскен қаражатты есептейтін ақпараттық жүйеге төленген ақша, көлік нөмірі сынды барлық ақпарат толық енгізіледі. Сол себепті 87 млрд теңге нақты цифр. Ал биылғы жоспар - 100 млрд теңге. Жалпы, өткен жылы түскен қаражаттың арту себебі жаңадан 1 мың шақырым ақылы жол енгіздік. Биыл 6 нысанды енгізу жоспарда бар, - деді Дархан Иманашев.

Биыл Қарағанды–Балқаш–Бурылбайтал, Бұрылбайтал–Күрті, Ақтөбе–Қандыағаш–Мақат, Талдықорған–Өскемен, Атырау– Астрахань, Меркі–Шу–Бурылбайтал жолдарында ақылы учаскелер енгізілмпек.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум