Биыл Ақтауда Turkісkills чемпионаты өтеді
АСТАНА. KAZINFORM – Биыл Түркітілдес елдердің арасында болашақ жұмысшы мамандар арасындағы алғашқы Turkісkills чемпионаты өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында мәлім етті.
- Биыл түркітілдес елдердің арасында болашақ жұмысшы мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған алғашқы Түркскилз (Turkісkills) чемпионатын өткізу жоспарлануда.
Бұл іс-шараның түпкі мақсаты - әртүрлі саладағы үздік тәжірибелерді анықтап, экономикасы тығыз байланысты мемлекеттермен инновациялық шешімдермен алмасып, оларды өндіріске енгізуге жол ашатын алаң құру, - деді ол.
Министрдің сөзінше, аталған чемпионатта Түрксой ұйымының мүшелері қатыспақ.
- Түрксой ұйымының 2025 жылғы мәдени астанасы Ақтау қаласы таңдалғандықтан аталған іс-шара Маңғыстау облысы әкімдігімен бірлесе ұйымдастыру жоспарланып отыр, - деді ведомство басшысы.
Еске салсақ, Президент Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланғаны еді.