12:25, 13 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Биыл әлемде 54 журналист опат болды
АСТАНА. KAZINFORM — Биыл әлемде 54 журналист қызмет бабында қайтыс болды, деп хабарлайды 24kz.

Қайғылы оқиғалардың дені әскери іс-қимылдар жүріп жатқан елдерде тіркелген. Қазір бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері үшін ең қауіпті аймақ – Газа секторы.

Тиісті деректер «Шекарасыз тілшілер» халықаралық ұйымының баяндамасында келтірілген. Бұдан бөлек, 550 журналист қамауда отыр. Бұл былтырмен салыстырғанда біршама көп. БАҚ өкілдерінің көбі Қытай, Мьянма, Израиль мен Беларусь түрмелерінде жазасын өтеп жатыр.