Биыл Алматы облысы ормандарынан 7 мәрте өрт шыққан

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Самат Кенжехан облыс ормандарында биыл 7 рет өрт шыққанын мәлімдеді. 

орман өрті
Фото: Pixabay

Оның айтуынша, өрт ауа райының қолайсыздығынан және дала алқаптарында азаматтардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан туындайды.

«Қазіргі таңда тілсіз жауды болдырмау мақсатында департамент қызметкелері арнайы рейд өткізіп жатыр. Азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері мен ЖАО-дан 81 адамнан тұратын 18 мобильді топ құрылып, жұмыс тұрақты жүргізілуде», — деді Самат Кенжехан.

Сонымен қатар департамент өкілінің айтуынша, 131 елдімекенге іргелес аумақтар құрғақ өсімдіктер мен жанғыш қоқыстан тазартылған.

өкқ
Фото: Алматы облысы ӨКҚ

Ал Amanat партиясы Алматы облыстық филиалының саяси бөлімнің меңгерушісі Ержан Нұрпейісов 2023-2024 жылдарға арналған «Халықпен бірге» бағдарламасы аясында Алматы облысына 22 өрт сөндіру бекеттерінің құрылысын бастап және халықты хабардар етуге 438 сирена-дыбысты қондырғылар сатып алу көзделгенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысындағы қоқыс полигонынан өрт шыққанын жазған едік.  

Соңғы жаңалықтар