Биыл Алматыда облысында 204 егіз дүниеге келді
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысында жыл басынан бері 23 мыңға жуық сәби дүниеге келді. Оның 204 егіз.

Алматы облысы әкімдігінен мәлім еткендей, осы жылдың 11 айында Қонаев қаласында 1000 астам нәресте өмірге келді.
– Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының перзентханасының дәрігерлері жүкті әйелдерді барынша табиғи жолмен босандырып алуға тырысады. Ол үшін перзентханада барлық жағдай жасалған. Бөлімшеде дені сау жүкті әйелдерге ғана емес, сонымен қатар тәуекел тобына жататын науқастарға, перинаталдық проблемалары бар әйелдерге де жоғары білікті медициналық көмек көрсетіледі, – деп атап өтті акушер-гинеколог Назгүл Елеусізова.
Жалпы, 11 айда Алматы облысында 204 егіз және бір үшем дүние келген.
Осыған дейін Алматы қаласының №2 қалалық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келген болатын.