Биыл алты айда елдегі инфляция 11,8 пайыз болды
АСТАНА. KAZINFORM — Еліміздің ішкі экономикада проинфляциялық қысым сақталып отыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлім етті.

— Маусымның қорытындысы бойынша жылдық инфляция 11,8% деңгейінде қалыптасты. Маусымда азық-түлік инфляциясы 10,6%-ті, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының инфляциясы 9,4%-ті құрады. Ақылы қызмет бағасының өсуі жалпы инфляцияға айтарлықтай үлес қосты. Жылдық көрсеткіш 16,1% болды. Айлық инфляция маусымда 0,8%-ті құрап, орташа тарихи мәндерден жоғары қалыптасты, — деді Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында.
Ұлттық банк төрағасының мәлімдеуінше, жалпы алғанда, ішкі экономикада проинфляциялық қысым сақталып отыр.
— Сыртқы ортада сауда геосаяси жағдайға байланысты нарықта құбылмалы болып отыр және Ресей рублінің нығаюы байқалады. Осы орайда Ұлттық банк биыл 7 наурызда базалық мөлшерлемені 16,5%-ке дейін көтеріп, сәуір-шілде айларында сол деңгейде мөлшерлемені сақтады. Қалыптасқан жоғары инфляция ұстамды қатаң ақша-кредит шартын бұрын болжанғаннан ұзақ сақтау қажет, — дейді ол.
Айта кетейік, биыл алты айда Қазақстан экономикасы 6 айда 6,2 пайыз өсім көрсетті.