Биыл да 3 мыңға жуық жас білім грантынан бас тартуы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл да 3 мыңға жуық жас мемлекеттік білім грантынан бас тартуы мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

білім беру гранты
Фото: Астана әкімдігі

- Дәстүрлі статистикаға сүйенсек, жыл сайын 3-3,5 мың грант көлемінде бас тартылады. Түрлі себебі бар, басқа қалаға көшіп кетеді, отбасы, денсаулық жағдайына байланысты. Құжаттарды толық қабылдау әлі аяқталған жоқ. 20 тамызға дейін қабылдаймыз. Одан кейін келісімшартқа кім нақты қол қойғаны белгілі болады. 20 тамыздан кейін грант иеленгендердің нақты саны анықталады. Содан кейін екінші конкурс жариялаймыз, - деді министр.

Сонымен қатар ол мемлекеттік білім грантынан тыс 5 мыңнан астам грант берілетінін айтты. 

- Сол себепті еңселеріңіз түспесін. Осындай мүмкіндіктер болады. Тамызды күтіңіздер. Гранттан бас тартқан студенттердің саны белгілі болғаннан кейін екінші конкурс жариялаймыз. Біздің болжамымызша, кемінде 3 мың бала гранттан бас тартады, - деді Саясат Нұрбек.

Соңғы жаңалықтар