Биыл экономика өсімі 6 пайыз болады – ҰБ болжамы

АСТАНА. KAZINFORM – Келер жылы экономика өсімі біршама төмендеуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.

Инфляция 2024 жылы 8% төмендейді – Ұлттық банк болжамы
Фото: mail.kz

- 2025 жылға арналған экономиканың өсу болжамы 6 пайызға дейін өсу жағына қайта қаралды. Бұл қайта қарау – мұнай өндіру, өңдеу өнеркәсібі мен басқа да салалардағы өсім қарқынын, инвестициялық белсенділіктің орнықтылығын және ішкі сұраныстың айқын кеңеюін көрсетеді. 2026 жылдың болжамы керісінше 4-5 пайызға дейін біршама төмендеу жағына қарай нақтыланды. Бұл шикізат және мұнай нарығындағы баға конъюнктурасының әлсіреуімен бірге жаңартылған сыртқы және ішкі жағдайлардың әсеріне байланысты, - деді банк төрағасы.

Оның айтуынша, болжам бойынша 2027 жылға қарай фискалдық ынталандыруды қатаңдату және бюджеттік шоғырландыруға көшу кезінде экономика орташа тарихи деңгейге сәйкес қалыптасады.

- Айта кету керек, бұл бағалаулар Үкімет пен жалпы мемлекеттік аппарат жүзеге асырып жатқан құрылымдық реформалар табысты іске асқан жағдайда қайта қаралуы мүмкін, - деді Тимур Сүлейменов.

Сондай-ақ ол базалық мөлшерлеме деңгейін сақтау себебін түсіндірген еді.

 

Соңғы жаңалықтар