Биыл елде қандай жаңа кәсіпорындар іске қосылады

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылы өнеркәсіп саласында 200 жоба іске қосылады. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінен мәлім етті.

Павлодар кәсіпорындары жасанды интеллектіні өндіріске тиімді енгізіп жатыр
Фото: видеодан алынған скрин

- 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 190 жаңа өнеркәсіптік нысан іске қосылды, ал 2026 жылы 19,4 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құрумен 200 жобаны іске асыру жоспарланған, - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Бұл тұрғыда өңдеу өнеркәсібінде 186 жоба бар. Оның ішінде: химия өнеркәсібі – 21; машина жасау – 5; қара металлургия – 2; тамақ өнеркәсібі – 13; құрылыс материалдарын өндіру – 28; түсті металлургия -39; мұнай-газ химиясы – 9; резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру – 16; жиһаз өнеркәсібі – 7; ағаш өңдеу өнеркәсібі – 4; қағаз өнеркәсібі – 11; жеңіл өнеркәсіп – 9; фармацевтика өнеркәсібі – 1.

Қалған салаларда 14 жобаны жүзеге асыру ескерілген: энергетикада – 6, тау-кен өнеркәсібінде – 5, сондай-ақ қалдықтарды жинау, өңдеу және жою бағытында 3 жоба қамтылған.

Бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев өңдеу өнеркәсібіндегі өсімге қатысты түсінік берген еді.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум