Биыл еліміздегі қонақүйлер 6,9 млн мейманды қабылдаған

АСТАНА.KAZINFORM — Биылғы 9 айда Қазақстанда орналастыру орындары 6,9 млн келушіні қабылдады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,1% артық, деп хабарлайды ҚР Ұлттық статистика бюросы. 

гостиница отель қонақ үй
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Қонақтардың жартысы мейрамханасы бар қонақүйлерде тоқталса, 27,9% мейман мейрамханалары жоқ қонақүйлерде болған. Сондай-ақ коттедждер, үйлер мен пәтер түріндегі орналастыру орындарына да сұраныс бар екені 11,7%  келушілерен аңғаруға болады.  

Туристердің басым көпшілігін Алматы (1,7 млн), Астана (1 млн) және Ақмола облысының (420 мың адам) қонақ үйлері қабылдады.

Қызмет көрсетілген келушілердің жалпы санының 13,9% шетелдік қонақтар, олардың 55% Қазақстанға жеке мақсатта, қалғандары іссапармен келген.

Елдер бөлінісінде қаңтар-қыркүйек айларында қонақтардың көпшілігі Ресей Федерациясынан (307 мың), Қытайдан (127 мың) және Үндістаннан (91 мың)қабылданды.

Барлық орналастыру орындарының 9 ай ішінде көрсеткен қызметтерінің көлемі 224,1 млрд теңгені құрады.

Еске сала кетейік, бұған дейін енді туристер Бурабай табиғатын тікұшақпен тамашалай алатнын жазған болатынбыз. 

 

Соңғы жаңалықтар