Биыл еңбек инспекторлары 19,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
АСТАНА. KAZINFORM – 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады.

Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 2,4 мыңнан астам фактісі анықталды.
- Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 1 588 ұйғарым берілді және 194 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 1,9 жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 677 млн теңге төленді, - деп жаздыЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.
Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.
2025 жылғы 1 маусымдағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 2 381 тексеру жүргізді, оның барысында 2 941 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 2 428; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 496; халықты жұмыспен қамту бойынша – 17.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 17,2 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.
Айта кетейік, кейінгі он күнде Қызылордада өндірістегі жазатайым оқиғадан 2 жұмысшы көз жұмды.