Биыл энергетика және коммуналдық секторларға қатысты ұлттық жоба қабылданады

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба қабылданады. Бұл туралы Үкіметте өтіп жатқан брифингте Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты.

энергетика
Фото: Энергетика министрлігі

- Үкімет инвестицияларды ынталандыру мен экономиканы әртараптандыру жөніндегі белгіленген жоспарды іске асыруды жалғастыруда. Мұнай-газ химиясы, машина жасау, металлургия және агроөнеркәсіп кешенінде жоғары қайта бөлудің 17 ірі жобасы іске асырыла бастады. Экономикаға үлкен инвестициялар құйылып жатыр. Биыл тек Мемлекет басшысының ауқымды бастамаларын іске асыру аясында кономиканы қаржыландыру үшін 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Бұл тұрғын үй құрылысына, өңірлерді газдандыруға, көлік инфрақұрылымын жаңартуға және басқа да әлеуметтік жобаларға бағытталды, - деді Нұрлан Байбазаров.

Вице-министрдің айтуынша, биыл жалпы сомасы 40 трлн теңгеге жуық ұлттық инфрақұрылымдық жоспарды 2029 жылға дейін іске асыру басталды.

- Осы жылы жалпы сомасы 40 трлн теңгеге жуықтайтын 2029 жылға дейінгі ұлттық инфрақұрылымдық жоспарды іске асыру басталды. Биылғы жылдың соңына дейін Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба қабылданады», - деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров теңгенің әлсіреуінің 3 факторын атады.

Сонымен қатар алдағы ақпанда тұрақтандыру қорларынан көкөністер нарыққа шығарыла бастайтынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар