Биыл футболдан бірінші лигаға барлығы 16 команда қатысады

АСТАНА. KAZINFORM - Биыл футболдан бірінші лигаға барлығы 16 команда қатысады.

Футбол
Фото: pexels.com

Бірінші лига ойындары 4-5 сәуір күндері басталады.

Оған «Оқжетпес» (Көкшетау), «Каспий» (Ақтау), «Ақжайык» (Орал), «Қыран» (Шымкент), «Қайрат-Жастар» (Алматы), «Хан тәңірі» (Алматы), «Арыс» (Түркістан облысы), «Түркістан», «Тараз», «Екібастұз» (Павлодар облысы), «Ақтөбе жастар» (Ақтөбе), «Ұлытау» (Жезқазған), SD Family (Астана), «Жетісай» (Түркістан облысы), «Алтай» (Өскемен) және «Кайсар-Жас» (Қызылорда) командалары қатысады.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан кубогының 1/8 финалына шыққан командалар анықталды.

Енді «Оңтүстік академиясы» Петропавлдың «Қызылжар», «Тараз» Шымкенттің «Ордабасы», SD Family «Атырау» командасымен шеберлік байқасады.

Соңғы жаңалықтар