Биыл қанша электр стансасы жөндеуден өтеді

павлодарские ТЭЦ
Фото: Наталья Зинченко/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев алдағы жылыту маусымына қалай дайындалатынын айтты.

«Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында биыл электр станцияларында 10 энергоблокты, 55 қазандықты және 45 турбинаны жөндеу жоспарланған. 2 энергоблокта, 12 қазандық пен 2 турбинадағы жөндеу жұмыстары әр түрлі сатысында тұр. 1 энергоблок пен 1 қазандықта және 4 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды», — деді ол.

Министрдің сөзінше, жалпы ұзындығы 20 мың шақырымнан астам электр желісі жаңарады.

«Жалпы ұзындығы 20,9 мың шақырым болатын электр беру желілерін, сондай-ақ жоғары кернеулі 423 кіші станцияны жөндеу жоспарланған. Электр желілерін жөндеу бекітілген графиктерге сәйкес жүргізіліп жатыр. Барлық өңірлердегі электр станцияларында жөндеу жұмыстары графиктерге сәйкес жүргізілуде, кешігіп жатқан жоқ», — деді Алмасадам Сәтқалиев.

 

Соңғы жаңалықтар