Биыл Қазақстаннан Өзбекстанға бағытталған ақша аударымдары артты

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Жыл басынан бері Өзбекстанға бағытталған ақша аударымдарының көлемі 25%-ға өсіп, 6,5 млрд долларға жетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Биыл Қазақстаннан Өзбекстанға бағытталған ақша аударымдары артты
Фото: Kazinform

Өзбекстан Орталық банкінің төрағасы Мамаризо Нурмуратов БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз маслихатында мәлім еткеніндей, аударымдардың көлемі алдын ала жасалған болжамнан 2 есе асып түсті. Қаржы реттеушісі алғашқы жартыжылдықта өсім 11-12% көлемінде болады деп жоспарлаған. 

Бұл ретте, Мамаризо Нурмуратов елге ақшалай түсімдер бойынша Ресейдің үлесі 2022 жылғы 81-82%-дан 77%-ға қысқарғанын атап өтті.

Өз кезегінде Қазақстаннан Өзбекстанға жасалған ақша аударымдарының көлемі 347 млн долларға өсті. Ал АҚШ-тан – 271 млн долларға, Оңтүстік Кореядан - 267,3 млн долларға артып отыр. Бұған қоса, Германия мен (+64%) Польшадан (+93%) ақша түсімдері ұлғайды.

Соңғы жаңалықтар