Биыл қыста 17 млн ауғандық аштыққа ұшырауы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (ДӘБ) дабыл қағып отыр: Ауғанстандағы көптеген отбасы бірнеше күн бойы тамақсыз қалды, деп хабарлайды DW ақпарат агенттігі. 

Число жертв землетрясения в Афганистане превысило 1 000 человек
Фото: Qazafi/Xinhua/dpa/picture alliance

Ауғанстан апатқа бет алды. Биыл қыста 17 млн-нан астам адамның аштықтан өлу қаупі бар.

- Біздің топтар отбасылардың бірнеше күн бойы тамақсыз қалып, аман қалу үшін төтенше шараларға барғанын көріп отыр. Балалар өлімі артып келеді, алдағы айларда жағдай одан әрі нашарлауы мүмкін, - деп мәлімдеді Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының Ауғанстан бойынша директоры Джон Эйлифф.

Ел экономикалық дағдарыстан, сондай-ақ құрғақшылық пен жер сілкінісінен зардап шегіп отыр. Азық-түлік онсыз да тапшы болды. Ал қазір көрші елдерден ауғандықтардың жаппай депортациялануына байланысты миллиондаған босқын оралып жатыр. Олардың көпшілігі әлсіреп қалды, деп хабарлайды Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы. Алайда гуманитарлық көмек көбейген жоқ, керісінше азайып келеді.

- Біз Ауғанстандағы дағдарысты қоғам назарына қайта алуымыз керек, сонда ең осал ауғандықтарда лайықты көңіл бөлінеді, - деді Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының директоры Айлиф.

Еске сала кетсек, 12 желтоқсанда Қазақстан президенті Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумда Ауғанстанға көмек көрсетуді жалғастыру қажет деп есептейтінін айтты. 

Қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ауғанстан халқына жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғындарды қолдау мақсатында гуманитарлық көмек жөнелтілді.

Соңғы жаңалықтар