Биыл Қытайдың жоғары оқу орындарына Болашақ» бағдарламасымен қанша адам түсті
АСТАНА. KAZINFORM - 2025-2026 академиялық оқу жылында 44 қазақстандық грант иегері атанды және Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарында оқуға қабылданды, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, оқуға түскендердің арасында білім беру саласындағы халықаралық келісім шеңберінде - 35 адам, ал Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының стипендиясы шеңберінде - 9 адам бар.
Грант академиялық оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру шығындарын өтейді. Бұған қосымша білім алушы жастарға ай сайын стипендия қарастырылған. Оқу ағылшын немесе қытай тілінде өтеді.
Сонымен қатар Қытай Халық Республикасы үміткерлерге стипендия тағайындау туралы соңғы шешімді қабылдайды.
Грант иегерлерінің толық тізімін bolashak.gov.kz ресми сайтынан көре аласыздар.