Биыл Құрлықтық хоккей лигасының қашан басталатыны белгілі болды

хоккей
Фото: hcbarys.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Құрлықтық хоккей лигасының 2024/2025 жылғы маусымы қашан басталатыны белгілі болды.

Құрлықтық хоккей лигасының мәліметіне сүйенсек, алдағы маусымның алғашқы ойыны 3 қыркүйекте өткізіледі. Магнитогорскіде жергілікті «Металлург» Екатеринбургтің «Автомобилист» клубын қабылдайды. Екі команда биыл Гагарин кубогы жартылай финалда кездескен еді.

Құрлықтық хоккей лигасы ойындарына биыл 23 команда қатысады деп күтілуде. Олардың арасында қазақстандық «Барыс» командасы да бар.

Айта кетсек, елордалық команда биыл топтық кезеңде 22-орынды місе тұтып, плей-офф сатысынан тыс қалды.

Құрлықтық хоккей лигасы 2008/09 жылғы маусымнан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін «Ак Барс» пен ЦСКА (3 мәрте), СКА, «Динамо» (Мәскеу), «Металлург» (2 мәрте), «Салават Юлаев», «Авангард» (1 мәрте) чемпион атанды.

Соңғы жаңалықтар