Биыл мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 359 мыңнан астам қызмет алды
АСТАНА. KAZINFORM - 2025 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы мүгедектігі бар адамдардың 359,1 мың тапсырысы орындалды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Орындалған тапсырыстардың ішінде: оңалтудың техникалық құралдарына (бұдан әрі – ОТҚ) шамамен 279 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі – ОТҚ), 8,3 мың – ымдау тілі қызметін, 46,3 мың – жеке көмекшінің, 46,3 мың – санаторийлік-курорттық емдеу қызметін алды.
Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.
Бүгінде Порталда 669 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші, 1012 ОТҚ жеткізушісі, 31 мыңнан астам жеке көмекші, 761 ымдау тілі және 133 санаторийлік-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.
Мүгедектікті белгілеу бойынша 62 мыңға жуық өтінім сырттай форматта қаралды.