Биыл Нью-Йорктің әйгілі сахнасы Madison Square Garden-де Димаштың концерті өтеді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда Димаш Құдайбергеннің фан-кездесуі өтіп жатыр.

Димаш жанкүйерлерімен кездесті
Фото: Александр Павский/Kazinform

Кездесу барысында ол Нью-Йорктің әйгілі Madison Square Garden кешенінде «Stranger» концертін өткізетінін жариялады. Концерт осы жылдың 5 қарашасына жоспарланған.

Димаш жанкүйерлерімен кездесті
Фото: Александр Павский/Kazinform
Димаш жанкүйерлерімен кездесті
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің «Stranger» туры Барселона, Берлин, Лондон, Рига қалаларында өтетіні хабарланған болатын.

Димаш жанкүйерлерімен кездесті
Фото: Александр Павский/Kazinform
Димаш Құдайберген
Фото: Александр Павский/Kazinform

Сондай-ақ «Балқадиша» әнін татамиде орындап әлеуметтік желіде танымал болған Иса Бекболат Димаштың арнайы шақыртуымен өнерпаздың бүгінгі фан-кездесуіне келді. 14 жастағы Иса алғаш рет үлкен сахнада — Almaty Arena-ға жиналған 8 мыңнан астам адамның алдында ән салды. Димаш Құдайберген жас өнерпазға өзінің ақ-тілегін айтты.

Бүгін Димаш Қытай телеарнасы көрсететін әншілер байқауының продюсері болатынын хабарлады.

Сонымен қатар ол Алматыда өткен фан-кездесуінде жанкүйерлерінің сұрақтарына жауап берді.

Бұрын Димаштың бүгінгі фан-кездесуіне 40-тан астам елден жанкүйерлер келгенін жазғанбыз.

Осы айда Димаш Құдайберген белгілі қазақ ақыны әрі жазушысы, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің әніне түсірілген жаңа бейнебаянның тұсауын кесті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум