Биыл пошта мен курьерлік қызметтен 35,4 млрд теңге түскен
АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылдың қаңтар-мамыр аралығында көретілген пошта және курьерлік қызмет көлемі 35,4 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,1% артық. Бұл туралы Ұлттық статистика бюро мәлімдеді.

Оның 8,6 млрд теңгесі халыққа көрсетілген қызметтен түсіп отыр.
Стат бюроның мәліметінше, пошта мен курьерлік қызметтің басым бөлігі Алматы қаласында тиесілі көрінеді. Жалпы көлемнің 58,9%, ақшалай мәнде бұл 20,8 млрд теңге екені белгілі болды. Екінші орында Астана – 4,8 млрд теңге.
Айта кетейік, курьерлік қызмет бір жылда 3,3%, ал сәлемдеме жіберу 17,7% қымбаттаған.
Айта кетейік, биыл Қазақстанда тамақ жеткізу қызметіне қатысты талап күшейді. Енді курьерлер арнайы медициналық тексерістен өтіп, анықтама алуы шарт. Сауда және интеграция министрлігі ереже қызмет сапасын жақсартып, қоғамдағы денсаулық сақтау мәдениетін арттырады деп сендіріп отыр. Толығырақ Kazinform тілшісінің сараптамасынан оқи аласыз.