Биыл ПТР-диагностика әдісі арқылы 36 карантиндік нысан анықталды

АСТАНА. KAZINFORM – ПТР-жабдықтарды қолдана отырып, карантиндік және басқа да аса қауіпті объектілердің жасырын залалдануын анықтау үшін басқа мемлекеттерден импортталатын егіс және тұқым материалының бірегей үлгілерін диагностикалауды Орталық карантиндік зертхана, Алматы, Ақтөбе аймақтық карантиндік зертханалары, Сарыағаш қаласының шекара өткеліндегі карантиндік зертхана, Шығыс Қазақстан аймақтық карантиндік зертханасы, Шымкент қаласының карантиндік зертханасы жүргізеді.

Зертхана
Фото: ҚР АШМ

2024 жылдың басынан бастап ҚР АШМ АӨК МИК Республикалық өсімдіктер карантині орталығының филиалдары 36 карантиндік нысанды анықтаған.

«Сарапшылар ПТР әдісі бактериялардың немесе вирустардың тіпті бірлік жасушаларын анықтауға, басқа әдістермен (микроскопиялық, иммунологиялық, визуалды, жуу әдісімен) мүмкін болмаған жағдайда ауру қоздырғыштарының болуын анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті. ПТР әдісі әсіресе культивацияланатын, культивацияланбайтын және жасырын түрде дамитын микроорганизмдердің түрлерін диагностикадан өткізу үшін тиімді», — деп жазды АШМ баспасөз қызметінен.

Бүгінгі таңда РӨКР базасында 8 ПТР-амплификатор бар, олардың көмегімен бактериологиялық, вирусологиялық және фитопатологиялық аурулардың ПТР диагностикасы белсенді жүргізіледі, 2025 жылға дейінгі кезеңде қалған карантиндік зертханаларды жарақтандыру үшін қосымша ПТР-амплификаторларды сатып алу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар