Биыл шетелдік студенттер ел қазынасына 30 млрд теңге түсірген

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан 2028–2029 жылдарға қарай шетелдік студенттер санын 100 мыңға дейін жеткізуді көздеп отыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

студент
فوتو: freepik

— Министрлік стратегиясында 2028–2029 жылдарға қарай Қазақстанда шамамен 100 мың шетелдік студентке қызмет көрсету міндеті бекітілген. Алдын ала есептеулерге сәйкес, бұл еліміздің жоғары білім беру жүйесіне жыл сайын шамамен 1 трлн теңге көлемінде кіріс әкеледі. Осылайша, университеттер үшін тұрақты даму бюджетін қалыптастыруға мүмкіндік туады, — дейді министрлік мамандары.

Айта кетейік, 2024–2025 оқу жылында Қазақстанға 35,2 мың шетелдік студент келіп, ел экономикасына шамамен 30 млрд теңге көлемінде қаржы түсірген.

Осыған дейін елордада студенттер мен оқушылар бірігіп, әтір өндіріп жатқаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар