Биыл сырттан әкелінетін көліктердің құнын 46,3 млрд теңгеге төмендету фактілері анықталды

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл 5 айда шетелден әкелінген көліктердің құнын төмендетіп көрсету салдарынан 11,9 млрд теңге кедендік төлем мен салық бюджетке аударылмаған. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Жұмағұлов айтты. 

Биыл сырттан әкелінетін көліктердің құнын 46,3 млрд теңгеге төмендету фактілері анықталды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

— Мемлекеттік кірістер органдары сырттан әкелінетін көлік құралдарының кедендік құнына бақылау жүргізеді. 2025 жылдың 5 айында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде көліктердің құнын 46,3 млрд теңге сомасына төмендету фактісі анықталды. Осыған байланысты 11,9 млрд теңге кедендік төлем мен салық толық аударылмаған, — деді комитет төрағасының орынбасары Amanat партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық комиссия отырысында.

Қайрат Жұмағұловтың атап өтуінше, сырттан келетін көліктерге кеденде тексеру жүргізіледі. Соның нәтижесінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне сай келмейтін көліктер де анықталып отырады.

— 2004 жылы жүргізілген осындай іс-шаралар барысында 3 923 көлік құралы тексеріліп, 116 жағдайда, ал биыл 5 айда 3 888 көлік құралы тексеріліп, 16 жағдайда сәйкессіздік анықталды, — деді ол.

Бұған дейін көлік контрабандасы неге тыйылмай тұрғанын жазған едік

Соңғы жаңалықтар