Биыл СҚО-да медициналық мекемелерді күрделі жөндеуге 2 млрд теңге жұмсалады

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысында биыл 19 медициналық мекеме күрделі жөндеуден өтеді.

аурухана, емхана
Фото: СҚО әкімдігі

СҚО әкімдігінің мәліметінше, медициналық мекемелердің жағдайын жақсарту бойынша кешенді жұмыс аясында былтыр 5 ауылдық және 9 қалалық денсаулық сақтау нысаны жөнге келтірілді. Биыл бұл мақсатқа 2 млрд теңге қаражат бөлу жоспарланған.

Жөндеумен қоса, медициналық жабдықтарды жаңарту да жалғасады. Өткен жылы бұл мақсатқа 5,4 млрд теңге бөлініп, ауруханаларға жоғары сапалы УДЗ, цифрлық рентгендер, маммограф, салқындатқыш центрифуга, литотриптер, жасанды қан айналымы аппараты және басқа заманауи құрылғылар жеткізілді.

аурухана, емхана
Фото: СҚО әкімдігі

Биыл медициналық қондырғыларды жаңартуға бөлінетін қаржы 1,5 есе ұлғайып, 7,5 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде 4,5 млрд теңгеге облыс орталығындағы медициналық ұйымдарға қажетті қондырғылар сатып алынбақ. Жалпы қалалық және аудандық ауруханалар үшін МРТ, КТ, ангиограф және видеоэндоскопиялық кешенді сатып алу жоспарда бар.

Бұған дейін СҚО-да тұмауға жатпайтын вирустардың жеті түрі тарап жатқанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар