Биыл World Boxing аясында бокстан қандай жарыстар өтеді

АСТАНА. KAZINFORM - Халықаралық World Boxing әуесқой бокс федерациясы аясында өтетін 2026 жылға арналған жарыстар күнтізбесі белгілі болды.

Махмуд Сабырхан стал двукратным чемпионом мира
Фото: Сали Сабыров/НОК

Оған биыл федерация тарапынан ұйымдастырылатын көптеген спорттық шаралар енгізілген. Олардың қатарында Азия және Еуропа чемпионаттары, жазғы Азия ойындары бар. Сондай-ақ World Boxing өткен жылдағы секілді әлем кубогын өткізуді жоспарлап отыр. Үш кезеңге созылатын жарыс жыл соңында Өзбекстанда түйінделеді.

  • 8-15 наурыз. World Boxing Futures Cup 2026 U19. Бангкок, Таиланд.
  • 28 наурыз -11 сәуір. Ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты. Улан-Батор, Моңғолия.
  • 20-26 сәуір. World Boxing. Әлем кубогы, I кезең (ерлер мен әйелдер). Фос-ду-Игуасу, Бразилия.
  • 15-20 маусым. World Boxing әлем кубогы, II кезең (ерлер мен әйелдер). Гуйян, Қытай.
  • 23 шілде-2 тамыз. Достастық ойындары (ерлер мен әйелдер). Глазго, Шотландия.
  • 15-26 қыркүйек. Бокстан Еуропа чемпионаты (ерлер мен әйелдер). София, Болгария.
  • 19 қыркүйек-4 қазан. Азия ойындары (ерлер мен әйелдер). Айти–Нагоя, Жапония.
  • 10-17 қазан. Панамерикалық бокс чемпионаты (ерлер мен әйелдер). Пуэбла, Мексика.
  • 31 қазан-13 қараша. Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары. Дакар, Сенегал.
  • 25 қараша -2 желтоқсан. World Boxing. Әлем кубогы, финалдық кезең.Ташкент, Өзбекстан.

Айта кетсек, Қазақстан ұлттық құрамасы бас бас бапкері міндеті енді Нұржан Насановқа жүктелді.

Соңғы жаңалықтар