Биыл «Жасыл ел» бағдарламасына 140 мың студент қатысады

АСТАНА. KAZINFORM – Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Талғат Ешенқұлов Үкімет отырысында биыл «Жасыл ел» бағдарламасына қанша студент қатысатынын айтты.

Ұлытау облысында «Жасыл ел» бағдарламасы аясында 700-дей жас жұмыспен қамтылады
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

- 2024-2025 оқу жылында азаматтық жоғары оқу орындарында 680 мыңнан астам студент оқиды. Оның ішінде 624 500 бакалавриатта, 39 200 магистратурада, 7 600 мыңы докторантурада және 8 900 резидентурада білім алып жатыр. Түлектердің ең көбі келесі бағыттарда білім алып жүр. Педагогикалық мамандықтар бойынша – 48 428, бизнес, басқару және құқық – 24 666, инженерлік ғылымдар – 24 320, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 13 393, денсаулық сақтау – 10 300 және ауыл шаруашылығы – 1 776 студент, - деді ол.

Айтуынша, биыл жоғары оқу орындарынан 177 586 түлек оқуды бітіріп шығады.

- Студенттерді жұмыспен қамту аясында елімізде 30 мыңнан астам студентті қамтитын «Жасыл ел» жобалары мен құрылыс отрядтары ұйымдастырылған. Сондай-ақ, 140 мыңға жуық студентті қамтитын оқу және өндірістік практика қолға алынған. Айта кету керек, кәсіптік практикадан өту кезінде білім алушы белгілі бір еңбек міндеттерін орындайды, олар білім алушының еңбек өтіліне есептеледі, - деді вице-министр.

Бұған дейін Ұлытау облысында «Жасыл ел» бағдарламасы аясында 700-дей жас жұмыспен қамтылатынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар