Биылғы 4 айда 45,1 мың пәтер пайдалануға берілді

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл 4 айда 45,1 мың пәтер пайдалануға берілді. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков айтты.

Алматыда жұмыс істейтін жастарға қандай пәтерлер беріледі
Фото: Алматы әкімдігі

- Құрылыс экономиканың негізгі салаларының бірі. 2024 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс саласында оң нәтижелерге қол жеткізілді. Республика бойынша 18,9 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй немесе 170,5 мың пәтер салынды. Өткен жылы мемлекеттік инвестициялар есебінен 30,6 мың пәтер салынып, 9 мың жеңілдікті займдар берілді, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның атап өтуінше, биыл экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарына сәйкес, 2025 жылы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің қосымша шараларын енгізе отырып, 19,2 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 176,6 мың пәтер жоспарланып отыр.

- Осы жылдың 4 айының қорытындысында 4,9 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 45,1 мың пәтер пайдаланғаберілді. Мемлекеттік қолдау есебінен биыл Қазақстан тұрғын үй компаниясының әкімдіктерге облигациялық несиелер беруі есебінен кредиттік тұрғын үйдің 12 мың пәтерін, республикалық бюджет есебінен 5,1 мың жалға берілетін тұрғын үй сатып алу жоспарланып отыр»,- деді Бақытжан Жүнісбеков. 

Бұған дейін кез келген Қазақстан азаматы тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке тұра алатын портал ашылғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар