Биылғы жаз Өзбекстан тарихындағы ең ыстық маусым болуы ықтимал

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Биыл келетін жаз Өзбекстан тарихындағы ең ыстық маусым болуы мүмкін, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

рекордная жара
Фото: pixabay.com

Өзгидрометтің болжамына сай, үстіміздегі жылы оңтүстік және шөлді аймақтарда температура 40-45 градусқа жетеді, ал басқа өңірлерде 40-42 градусқа дейін көтеріледі.

«Әлемдік метеорологтар қазіргі уақытта байқалып отырған Эль-Ниньо құбылысы 2024 жылдың сәуіріне дейін жалғасады деп болжайды. Әрі қарай ғылыми зерттеулерге сәйкес, Өзбекстанда әдеттегі ыстық жаз, құрғақ күз және суық қысқа ұласуы ықтимал. Яғни, күз мезгіліндегі жауын-шашын қалыпты нормадан төмен болады деп күтілуде», - деп мәлім етті Өзгидрометтен.

Өзбекстанда жаз айындағы ең ыстық ауа температурасы әдетте 5-7 күн сақталады және мұндай кезеңдер маусым ішінде 2-3 рет қайталанады.

Соңғы жаңалықтар